Астанада қоғамдық көліктің жаңа түрі пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қоғамдық көліктің жаңа түрі пайда болады

Астанада қоғамдық көліктің жаңа түрі пайда болады

Астанада қоғамдық көліктің жаңа түрі пайда болады.

  • 27 Қыркүйек 2016
  • 584
Фото - Caravan.kz

Бірақ, әзір емес, бір жылдан соң. Жеңіл рельсті көлік «Экспо» көрмесіне жақын пайдалануға берілмек, деп хабарлайды КТК.

Заманауи вагондармен жүру де арзан емес. Жолақысы 200 теңге. Әзірге, рельсті көлік Есілдің сол жағалуымен жүйіткімек. Қазір 18 станцияның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Вагондарда барлық жағдай жасалған. Ішінде, жылыту қондырғылары, электронды төлем жүйесі, бақылау камералары және салқындатқышы болады. Сонымен қатар вагондар Астананың бораны, жаңбыры мен желіне төтеп бере алатындай етіп, климаттың кез-келген түріне сай етіп құрастырылмақ.