Астанада Қуаныш Тұракелдиевтің ісі жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қуаныш Тұракелдиевтің ісі жабылды

Астанада Қуаныш Тұракелдиевтің ісі жабылды

Бұрынғы мансапты шенеуніктің ұлы Қуаныш Тұракелдиевтің ісі екі жақтың келісімге келуіне байланысты тоқтатылды,

  • 16 Қазан 2015
  • 411
Фото - Caravan.kz

деп жазады Today.kz Астананың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Қыркүйекте ол Астана кинотеатрларының бірінде сатушыға қол көтерген болатын.

"Астананың ішкі істер департаменті хабарлайды, Қуаныш Тұракелдиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 68-бабы бойынша тоқтатылды (Тараптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату)", — деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Қуаныш Тұракелдиев Астана кинотеатрларының бірінде сатушы қызды тепкені түсіп қалған ролик жарияланғаннан кейін 15 қыркүйек күні ұсталып, уақытша қамау абақтысына жабылған.


Зардап шеккен 21 жасар  Меруерт Керімбердиева болып шықты.

Тұракелдиев ҚР премьер министрі канцеляриясының бұрынғы бас инспекторы Болат Тұракелдиевтің ұлы, болған жайттан кейін әкесі отставкаға кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар