Жарияланды: 370

Астанада "Құқық пен тәртіп" іс-шарасы барысында есірткіге қатысты жеті қылмыс әшкереленді

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада "Құқық пен тәртіп" іс-шарасы барысында есірткіге қатысты жеті қылмыс әшкереленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана қалалық ІІД-іне сілтеме жасап.

Астанада "Құқық пен тәртіп" атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оны өткізудегі мақсат - Қазақстан парламенті сенатының депутаттарын сайлауға дайындық және оны өткізу барысында 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында қылмыстарға және басқа да заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу, ахуалды сауықтыру. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, операция барысында есірткіге қатысты 7 қылмыс, соның ішінде есірткілік заттарды сатуға қатысты 5 дерек анықталды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть