Астанада қыруар қаржы ұрлаған палковниктің басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қыруар қаржы ұрлаған палковниктің басы дауға қалды

Астанада қыруар қаржы ұрлаған палковниктің басы дауға қалды

Ішкі Істер министрлігіндегі кезекті жемқорлық тағы үлкен дауға айналғалы тұр. Жемқорлыққа қарсы агенттік Криминалистика департаментінің бастығы Қайрат Аманқұловқа 136 миллион теңге  ұрлады деген айып тақты. Бірақ, шатылып жатқан еліміздің бас криминалисті әзірше, изоляторға жабылмаған.

  • 14 Қараша 2015
  • 351
Фото - Caravan.kz

Қазір 55 жастағы Қайрат Аманқұловтың қызметтік кабинеті мөрленіп, өзі үйқамаққа алынған. Тергеу материалдарына сүйенсек, Ішкі Істер министрлігіндегі ықпалды полковник осы лабораторияға криминалистикалық техникаларды сатып алу кезінде, тендерді бөліске салған. Яғни, тергеушілердің күдігінше құрылғылардың бағасын еселеп жазып, бюджеттің  136 миллионын жеген. Жемқорлыққа қарсы агенттік қазір Қайрат Аманқұловтың кабинетіндегі барлық құжаттарды тәркілеп, тексеріп жатыр. Осыған қарағанда, Ішкі Істер министрлігінің Криминалистика департаментін 4 жарым жыл басқарған Қайрат Аманқұловтың басқа да былықтары ашылуы мүмкін.