Астанада рұқсат етілмеген жерге қар төккен 22 адамға айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада рұқсат етілмеген жерге қар төккен 22 адамға айыппұл салынды

Астанада рұқсат етілмеген жерге қар төккен 22 адамға айыппұл салынды

Астанада рұқсат етілмеген жерлерге қар төккен 22 адамға айыппұл салынды, деп хабарлады қаланың ресми сайтынан.  

  • 28 Қараша 2016
  • 473
Фото - Caravan.kz


«Жыл басынан бері елордалық табиғат қорғау полициясының қызметкерлері көшедегі және жолдағы қарды рұқсат етілмеген жерлерге заңсыз төккен 22 автокөлік жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты», — делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, жүргізушілерге 509 040 теңге көлемінде айыппұл салынды. 
  «Қысқы кезеңде қала аумағын жинау ерекшеліктері» абаттандыру Ережелеріне сәйкес   көшедегі және жолдағы қарды арнайы дайындалған алаңдарға шығару қажет. Қарды (қоқыссыз) келесі мекен-жайлар бойынша шығаруға рұқсат етілген: «Алматы» ауданы — Железнодорожный т.а., әскери бөлімшенің сыртында. «Сарыарқа» ауданы — Н. Тілендиев даңғ., «Тайм» ЖҚС ауданы. «Есіл» ауданы — Рождественка тас жолы, «Рубеж» бекетінің сыртында, оң жақта, сондай-ақ, су тазартқыш құрылыстарының ауданында 27-ші көшеде балқыту станциясы бар.

Соңғы жаңалықтар