Жарияланды: 180

Астанада садақа жәшігін ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды

Астанада садақа жәшігін ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды

"Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, полиция қылмыскерді іздеп жатыр

Астана полициясы қайырымдылыққа арналған ақша салынған жәшікті ұрлаған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұрлық 27 желтоқсан күні сағат 08.00 шамасында Жеңіс даңғылындағы "Дастархан" асханасында болған. Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.  

Полицейлер қалалықтардан қылмыскердің кім екенін анықтауға көмек көрсетуін сұрап отыр. Ол туралы барлық мәліметті Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының ішкі істер басқармасына 8 (7172) 71-66-36, 71-66-34, 71-66-10,  8-775-400-04-28 телефондары арқылы хабарлауға болады.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін