Астанада сақшыларға қол жұмсаған кондуктор келіншектерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Астанада сақшыларға қол жұмсаған кондуктор келіншектерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. |
Бұл кадрларды жергілікті тұрғындар түсіріп алған. «Шанхай» базарының маңын заңсыз тұраққа айналдырып алған қалааралық автобустардың кондукторлары полицейлердің өзіне сес көрсетіп тұр. Ашулы әйелдер тіпті сақшыларды жағадан алған. Ал патрульдік инспекторлар көпшіліктің шағымынан кейін тексеруге келген екен. Жалпы, Астанадағы «Шанхай» базарынан жиі шу шығады. Бұған дейін жүргізушілер билетін кері қайтарған жолаушыны пышақтап тастаған еді. Ал жергілікті жұрт «Шымкент, Таразға адам таситын автобустардың кондукторлары жүріп-тұруға мүмкіндік бермейді» деп жылдар бойы шағымданып келеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін