Астанада сауда орындарынан 300 келі сапасыз азық-түлік тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сауда орындарынан 300 келі сапасыз азық-түлік тәркіленді

Астанада сауда орындарынан 300 келі сапасыз азық-түлік тәркіленді

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада пайдалану мерзімі өтіп кеткен және сапасы мен қауіпсіздігі туралы арнайы құжаттардың жоқтығынан сауда орындарынан 300 келі азық-түлік тәркіленді. Бұл жөнінде Астана әкімдігінде өткен шұғыл жиналыста қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошун құлағдар етті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

  • 12 Қараша 2007
  • 444
Фото - Caravan.kz

«Кәсіпорын басшыларына 34 санитарлық нұсқама жіберіліп, 867 мың теңгеге 75 айыппұл салынды. Жұмыс орындарынан уақтылы медициналық тексерулерден өтпеген 82 адам жұмыстарынан шеттетілді «, — деді С. Хорошун.

Оның сөздері бойынша, санитарлық талаптарды орындамағаны үшін 15 нысананың қызметі тоқтатылды: 4 дәмхана, 1 шағын наубайхана, 3 дүкен, екі сауда павильоны, 1 бала бақша және 2 шаштараз салоны.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті