Астанада шаңғы фестиваліне екі мыңнан астам адам қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада шаңғы фестиваліне екі мыңнан астам адам қатысады

Астанада шаңғы фестиваліне екі мыңнан астам адам қатысады

Спорттық жарысқа 12 жастағы жасөспірімдер мен 60 жастан асқан азаматтар қатыса алады.

  • 14 Ақпан 2018
  • 167
Фото - Caravan.kz

17 ақпанда елордада жыл сайын өтетін «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі басталады. Дәстүрлі шаңғы жарысына 2000-нан астам адам қатысады, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі аясында қатысушылар шаңғы жарысы, шағын футбол, хоккей, белдесу, армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту және мотокросс сынды спорттың бірнеше түрінен әртүрлі жас санатында күш сынасады. Спорттық жарысқа 12 жастағы жасөспірімдер мен 60 жастан асқан азаматтар қатыса алады.

«Дәстүрлі «Қыс өрнегі» — фестивалі елордамыздың спорттық өмірінде айшықты оқиға. Ол отбасымен, ұжыммен таза ауада қысқы демалыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Фестиваль қатысушылары Астананың Триатлон саябағында сағат 10:00-ден бастап тіркелуі тиіс», — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар