Желіде Астанадағы жолдардың бірінде 10 мың теңгелік купюралардың шашылып жатқан видеосы тарап кетті, деп жазады Stan.kz.
Видео кадрларынан адамдардың жолдағы көліктердің қозғалысына аздап кедергі келтіірп, жолда шашылып жатқан ақшаларды жинап жатқаны байқалады.
“10 мың теңгелік купюралар ұшып жатыр. Мен де біреуін аламын ғой деймін”, – дейді видео авторы.
Бұл ақшаның кімге тиесілі екені және неліктен жолда шашылып жатқаны әзірге белгісіз.