Астанада шетелдік студенттер форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада шетелдік студенттер форумы өтеді

Астанада шетелдік студенттер форумы өтеді

2018 жылғы 29 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Шетелдік студенттер форумы өтеді.

  • 27 Мамыр 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Кездесуге Университетте білім алушы 500-ден астам шетелдік студенттер қатысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Форумның негізгі тақырыбы мен күн тәртібі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға шетелдік студенттердің қатысу жобаларын талқылау. Форумға қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының халықаралық деңгейдегі ақпараттық және мәдени кеңістігін кеңейту бағыттары бойынша ұсыныстарымен бөліседі. Франция студенті Жермени Конверт ағымдағы жылдың аяғына дейін бірнеше акцияларды қамтитын «1001 қадам» жастар жобасының іске қосылуын хабарлайды. Форум аясында Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын БҰҰ-ның ресми тілдеріне аударылған жобасының тұсаукесері өтеді жоспарлануда" — дейді ұйымдастырушылар.

Бұл жоба Университеттің шетелдік студенттері және шақырылған шетелдік ғалымдары, оқытушыларының қатысуымен әзірленген.


Сонымен бірге форумда студент жастардың әлеуметтік желілердегі «Біз латынша жазамыз – Латынды қолдаймыз» жобасының іске қосылуына қолдау білдіретін болады.

Форум соңында студенттер қауымдастығы халықаралық мазмұндағы форумды жыл сайын өткізуді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар