Жарияланды: 460

Астанада су құбыры жарылып, тұрғындар бір күн бойы сусыз отырды

Елорданың «Алматы» ауданындағы көшелерінің бірінде су құбыры жарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оқиға салдарынан бес тұрғын үйдің тұтынушылары бір күн бойы сусыз қалды, тұтас бір ықшамауданның және тағы бір көшенің су жүйесі төмен қысымда жұмыс істеді. Бүгін түнде сағат 3.00-де су құбырының жұмысы қалпына келтірілді. Апаттың салдарын жоюға «Астана су арнасы» мекемесінің арнайы бригадасы: 10 адам және 4 техника жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін