Астанада тағы бір қонақүй өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тағы бір қонақүй өртенді

Астанада тағы бір қонақүй өртенді

Астанада қонақүйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Астана қаласының Төтенше жағдайлар жө

  • 24 Тамыз 2017
  • 254
Фото - Caravan.kz

Астанада қонақүйлердің бірінде өрт шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі растады. "Сағат 15.20-да Республика даңғылы №54 үйде орналасқан "Реал" қонақүйінің ғимаратында өрт шыққаны жайлы хабарлама келді. Өрттің қонақүйдің 6-қабатында шыққаны белгілі болды", — деп хабарлады ТЖД өкілдері. Құтқарушылардың жедел түрде өртті сөндіруге кіріскені айтылады. Өрт 17 минуттан соң сөндірілді. "Өрттің аумағы 15 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнында 6 дана техника мен жеке құрамның 33 қызметкері жұмыс істеді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
 


Соңғы жаңалықтар