Астанада таксист шетелдікті әуежайдан қонақ үйге дейін 40 мың теңгеге апарған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада таксист шетелдікті әуежайдан қонақ үйге дейін 40 мың теңгеге апарған

Астанада таксист шетелдікті әуежайдан қонақ үйге дейін 40 мың теңгеге апарған

Венгрия азаматын әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси жүргізушісі алдап кеткен. 

  • 7 Маусым 2017
  • 1093
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады. 

Кеше полицияға Венгрия азаматы шағым түсірген. Ол белгісіз такси жүргізушісінің алаяқтық жолмен 40 000 теңге иемденіп кеткенін айтқан. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында "Сарыарқа" ІІБ полицейлері 33 жастағы жүргізушіні ұстаған, ол шетел азаматын алдап, әуежайдан Желтоқсан көшесінде орналасқан қонақүйге жеткізгені үшін көп мөлшерде ақы алған", — дейді елордалық ІІД өкілдері. 

Такси жүргізушісі аккредитациядан өткен, жеке адам тасуға құқығы бар екені анықталды. Осы дерек "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.


Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр