Жұрттың жағасын ұстатқан шулы істі тергеуді полицейлер үш аптада аяқтады. Қазір том-том іспен айыпталушы да, жәбірленуші де адвокаттарымен бірге танысып жатыр. Кейін іс сотқа жіберіліп, процесс маусым айында басталуы мүмкін. Астанадағы қымбат мейрамхана, қонақүй мен құрылыс компанияларының қожайыны 45 жастағы Қайрат Жамалиев тоқалына көз салған 24 жастағы Әліби Жұмағұловты асқан қатігездікпен сабап тастаған еді. Алайда, қамауда отырған кәсіпкер кінәсін мойындап отырған жоқ. Айтуынша, бұл оқиға бизнесін тартып алу үшін әлдекімдердің қасқана ұйымдастырған арандатуы екен.