Астанада Темір жол ынтымақтастық ұйымы бас директорлары конференциясының ХІХ отырысы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Темір жол ынтымақтастық ұйымы бас директорлары конференциясының ХІХ отырысы ашылды

Астанада Темір жол ынтымақтастық ұйымы бас директорлары конференциясының ХІХ отырысы ашылды

Бүгін, 19-сәуірде Астанада Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымы бас директорлары конференциясының ХІХ отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 19 Сәуiр 2004
  • 418
Фото - Caravan.kz

23-сәуірге дейін жалғасатын жиында темір жол көлігі және логистика саласындағы ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер талқыланады.

Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымы 1956-жылдың 28-маусымында осы саланы басқаратын министрлердің мәжілісінде құрылған халықаралық мамандандырылған ұйым. Оған көлік министрліктері немесе орталық мемлекеттік көлік органдары мен Еуропа және Азияның 25 мемлекетінің теміржолдары біріккен.
Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымының басты жұмыс бағыттары Еуропа мен Азия елдерінің арасында темір жол тасымалын жүзеге асыруда өзара ынтымақтастық орнату, көлік саясатына қатысты проблемаларды шешу, темір жол көлігіне қатысты құқықтық және экологиялық мәселелер, халықаралық көлік құқығы бойынша біртұтас принциптер қалыптастыру, халықаралық желілерді пайдалану тәртіптері мен техникалық шарттарын жетілдіру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, ұйым шеңберіндегі келісімдер мен келіссөздерге тікелей бағынуға бағытталады.