Астанада теміржол вокзалына жұмысшылар қабылдау басталып кетті
![]() |
29 наурызда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Астана» концерт залында (бұрынғы Конгресс Холл) Астана жаңа темір жол вокзалдық кешенінің ашылуына орайластырылған бос жұмыс орныдар жәрмеңкесі өтеді. |
Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.
Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, жәрмеңкеде 60-ге жуық елордалық жұмыс берушілер өздерінің 200 ден астам бос жұмыс орындарын ұсынбақ.
Айта кетейік, бұған дейін жаңа теміржол вокзалы биыл мамыр айында ашылады деп хабарланған болатын. Ашылу салтанаты ЭКСПО-2017 көрмесіне орайластырылмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін