Жарияланды: 570

Астанада ТКШ саласын дамытуға арналған халықаралық көрме ашылды

Астанада ТКШ саласын дамытуға арналған халықаралық көрме ашылды

Бүгін елордада «ТКШ - ЭКСПО-2015» Халықаралық форумы аясында құрылыс индустриясының VIII халықаралық көрмесі ашылды.

Атап айтқанда, көрмеге қатысушылар ретінде Қазақстанның (Астана, Алматы, Степногор, Павлодар, Қарағанда, Қапшағай, Щучинск, Қостанай, Курчатов, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Теміртау, Екібастұз, Петропавловск, Атырау, Өскемен) кәсіпорындары мен ұйымдары тіркелді, олардың көбісі отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген. Сонымен қоса, Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Түркия, Бельгия, Қытай тарапынан да қатысушылар бар. Олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы, энергия үнемдеу бағытындағы инновациялық технологияларды көпшілік назарына ұсынуда.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың сөзіне қарағанда, министрлік 12 млрд. доллар көлемінде инвестициялар тартуға халықаралық қаржы ұйымдарымен меморандумдар мен келісімдер бекітті. Оның негізгі сомасы ТКШ саласын жаңғыртуға бағытталмақ.

«Сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, жыл сайын инфрақұрылымды қайта жасау мен құрылысқа 100 млрд. теңгеден кем емес қаржы бөлінеді. Сондықтан да бүгінгі көрме бекерден өткізіліп отырған жоқ. Ұсынылып отырған өнімдер сұранысқа ие және олар саланы дамытуға қажет болып тұр»,-деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін