Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары жетекшілерінің мерейтойлық Ү сессиясы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары жетекшілерінің мерейтойлық Ү сессиясы өтеді

Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары жетекшілерінің мерейтойлық Ү сессиясы өтеді

31-тамыз бен 2-қыркүйек аралығында Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары жетекшілерінің мерейтойлық Ү сессиясы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Тамыз 2004
  • 313
Фото - Caravan.kz

Сессия жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украиналық өкілдер қатысады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңеске қатысушылар жоғарғы қаржылық бақылау органдары іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығы, түрлі билік тармақтарымен өзара ықпалдастық мәселелерін талқылайды.

Сессия жұмысының қорытындысы бойынша жоғарғы қаржылық бақылау органдары іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығы, түрлі билік тармақтарымен өзара ықпалдастығы туралы Кеңес Декларациясы қабылданады. Сондай-ақ, тараптар ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары тарапынан тиімділікті қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар мен органдар іс-қызметінде қолданылатын терминдер тізімін бекітеді. Бұған қоса сессия ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары жетекшілерінің кеңесі туралы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.