Астанада түнде көшеде жүру тәртібін бұзған балалар көбейіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада түнде көшеде жүру тәртібін бұзған балалар көбейіп жатыр

Астанада түнде көшеде жүру тәртібін бұзған балалар көбейіп жатыр

Жаздың бірінші айында 200-ден астам бала түнде далада жүрген және оларды кәмелет жасқа толмағандармен жұмыс инспекторлары Ішкі істер органдарына жеткізген, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне Астананың ІІД ЖПҚ ювеналды полициясы бөлімінің басшысы Самал Ахмет.

  • 25 Шiлде 2017
  • 281
Фото - Caravan.kz

Бұл балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми интернет-ресурсы.

 — Түнгі рейдтер жүргізу кезінде сауық орындары — компьютерлік, ойын клубтары, кафелер, мейрамханалар да назардан тыс қалмайды. Осы орындарда маусым айында 20 кәмелет жасқа толмаған балалар ата-аналарының бақылауынсыз жүрген, — дейді С.Ахмет.

Сауықтыру орындарында болған бозбалалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынды. Оның көлемі 3 АЕК құрады, яғни 6,8 мың теңге.


Соңғы жаңалықтар