Жарияланды: 220

Астанада тура автобус ішінде төбелес болып кондуктордың тісі сынды

Автобус ішінде тағы қып-қызыл төбелес. Бұл жолы да астаналық кондуктор жолаушымен жаға жыртысты. Бір-бірінің шашын жұлған келіншектерді ажыратудың орнына, басқа жолаушылар төбелесті ұялы телефондарына түсіріп қарап тұрыпты.

Шаштасқандарды тек бір жігіт арашалауға тырысқанымен, әлі келген жоқ. Ал ызаға булыққан жолаушы  №21 автобустың кондукторының тісін сындырған.  Бұған ызыланған кондуктор жұдырық сілтеген келіншектің шашын жұлып қоймай жерге алып ұрды. Соңында  жүргізуші автобусты тоқтатып, әйелдердің төбелесі далада жалғасқан.  Автопарктің айтуынша, төбелеске жолаушының жолақысын  төлеуден бас тартуы  себеп болыпты.

-Дәу семіз қатынсың .

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін