Астанада тұрғындар жолды жауып тастап шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тұрғындар жолды жауып тастап шу шығарды

Астанада тұрғындар жолды жауып тастап шу шығарды

Елордада былтыр ғана ашылған жаңа көпір үстінде тұрғындар наразылық білдіріп, жолды жауып тастады. Салдарынан қозғалысты қиындап ұзынар сонар кептеліс болды. Оған себеп  - құрылысшылар көпірдің астынан өтетін судың арнасын басқа бағытқа бұрып жіберген. Салдарынан, жүздеген үй су астында қалып, халық үйлерін тастай қашқан.

  • 1 Сәуiр 2014
  • 240
Фото - Caravan.kz

Есілдің оң мен сол жағалауын байланыстыратын көпір үсті бүгін айғай-шу. Құрылысы былтыр ғана аяқталған көпірдің астынан су өтетін жері дұрыс салынбағандықтан, су бірден маңайдағы жүздеген үйді басып қалған. Салдарынан, тұрғындар үйлерін тастап безіп кетіпті. 65 жастағы Мәрия Зайдалина бала-шағасы, немерелерімен бірге 10 күннен бері көпірдің үстінде, көлік ішінде түнеуге мәжбүр. Амалы құрығандықтан, көршілерімен бірге бүгін жолды жабуға шықты.

—  Ал, өлтір бас! Әне немерелім жүр шұбырып далада.

Мәрия Зайдалинамен бірге көпірді жабуға ондаған отбасы келіпті. Бармаған жеріміз жоқ дейді. Ал, әкімдіктегілер болса, тұрғындар әрі бері сілтеп ығырын шығарған. Бүгін шенеуніктер тіпті тұрғындармен кездесуді өздері белгілепті, нақ осы көпірдің үстінде. Алайда, наразы топтың арасынан  тілшілерді күтпесе керек, көліктеріне отырып қаша жөнелді.


— Қайда кетті?

Марат Ыбрашев, Астана қаласының тұрғыны:

— 10 күннен асып барады, әккімшілік ештеңе шешіп жатқан жоқ.  Бізді басып жатыр бұрқыратып.

Бірақ шу шығарғандарды жолынан қалған жүргізушілер жақтыра қоймады. Тіпті олармен төбелесуге дейін барды.

— 5 минут тур енді. Тұрмаймын , жолды ашыңдар!

-Ал тұрғындар бар айыпты әкімдіктен көріп отыр. Олар болса мән жайды түсіндірместен оқиға орнынан қашып кетті. Енді наразылық білдіргендердің өздері де жауапқа тартылуы мүмкін. Жолды жауып рұқсатсыз наразылыққа шыққаны үшін.