Астанада түрмеге есірткі жеткізбек болған бірнеше деректің жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада түрмеге есірткі жеткізбек болған бірнеше деректің жолы кесілді

Астанада түрмеге есірткі жеткізбек болған бірнеше деректің жолы кесілді

Астана. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Астана - есірткісіз қала" бағдарламасын жүзеге асыру аясында түрмеге есірткі жеткізбек болған бірнеше деректің жолы кесілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2007
  • 361
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 8-қарашада түрмеге есірткі өткізбек болған екі оқиға тіркелген. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел қызметінің қызметкерлері ішкі әскердің бір әскери бөлімшесінің қызметкерін ұстаған. Ұсталған қызметкерден темекі қорапшасына салынған есірті заты табылды. Сараптама актісіне сүйенсек, аталмыш зат салмағы 5,1 грамм героин болып шықты.

Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері сотталғанға келген сәлемдемені тексеру барысында 2,45 грамм героин салынған целлофан орама тауып, тәркілеген. Есіртік «Сильвер» деп аталатын аяқ киім тазалайтын заттың тұтқасына жасырылған. «Тек азаматтардың тапқырлықтарына таң қалу ғана қалады. Жедел қызметкерлер сотталғанға келген сәлемдемінің ішінен «Орешки для золушки» деп аталатын төрт кәмпиттің ішінен жалпы салмағы 5,31 грамды құрайтын героин тапқан»,- деп хабарлады Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті