«Қалалық ІІД сыбайласқан жемқорлық қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде «Ауди-А6» көлігі тоқтатылған. Оның жүргізушісінен полиция қызметкерінің жалған куәлігі табылып, тәркіленген. Сондай-ақ, одан екі бейсбол таяғы мен «Оса» пистолеті тәркіленді», — деді Ж. Битенов.
Сонымен бірге, оның айтуынша, тұтқындалғанның көлігінен қолданыстағы заң ережелерін бұза отырып «еркін айналымда тыйым салынған дыбыс зорайтқыш қондырғылар» орнатылған.
«Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша тергеуге дейінгі тексерулер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілу үстінде», — деп сөзін түйді Елорда ІІД басқармасының бастығы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті