«Қазына» ТДҚ баспасөз қызметі хабарлағанындай, «Бірінші кезекте тұрған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды орындау аясында келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, бұл жоспар республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің екі жақты іс қимылдарын белгілейді».
Келісімге ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов, «Қазына» қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов, экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бахыт Сұлтанов, «ҚИК»АҚ басқарма төрағасы Азамат Ибадуллаев, индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбаков, Астана әкімі Асқар Мамин қол қойды.
«Қазына» АҚ баспасөз қызметі хабарлағанындай, аталған келісім бойынша серіктес-банктер қатарында «БТА Банк»АҚ, «Қазкоммерцбанк»АҚ , «АльянсБанк» АҚ, «»Каспийский» банкі»АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Темірбанк»АҚ, «Цеснабанк»АҚ және «ЦентрКредит» банкі» АҚ бар.
«Келісім аясында республика экономикасын жаңарту мәселесі жөніндегі комиссиясының анықтаған тізімі бойынша, қатысушылар тарапынан аяқталмаған құрылыс нысандарын қаржыландырылып, екінші деңгейдегі банктер тарапынан шағын және орта бизнеске несие беру және екінші деңгейдегі банктердің қызметін пайдаланатын индустриялық инвенстициялық жобаларды қаржыландыру және қайта қаржыландыру сияқты мәселелер қамтылып шешілетін болады», — деп түсіндіреді «Қазына» ТДҚ.
Қор басшысы Қайрат Келімбетовтың ақпараты бойынша, бүгін «Қазына»АҚ мен ЕДБ арасында келісім-шартқа қол қойылып, онда Астанада құрылыс жұмыстарына арналған қаржыны жұмсау, сондай-ақ, ЕДБ және «Шағын кәсіпкерлекті дамыту қоры» арасында несиелік шартқа қол қойылып, оның аясында шағын және орта бизнес иелеріне несие бөлінетін болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті