Астанада үлескерлерді қолдау орталығы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үлескерлерді қолдау орталығы ашылады

Астанада үлескерлерді қолдау орталығы ашылады

Бүгін Астанада үлескерлік құрылысқа қатысатын салымшылар үшін елордада Үлескерлерді қолдау орталығы ашылады.

  • 2 Тамыз 2017
  • 189
Фото - Caravan.kz

«Бір терезе» принципі бойынша жұмыс, мемлекеттік орган өкілдеріне үлескерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, және құқықтық мәселелер бойынша уақытылы кеңес беру орталықтың басты ерекшелігі болып табылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Қызметтің басты бағыты — өтініштерді қабылдау мен оны жедел қарастыру, қылмыстық істер, азаматтық және әкімшілік істер бойынша болмаған сот актілері  бойынша тексеру барысы туралы ақпараттандыру.

Прокуратура, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, тергеу органдарының, басқа да мемлекеттік қызмет пен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қызмет көрсетеді.


Орталықтың жұмысында үлескерлер арасында дау-дамайды жою бойынша медиатор қатысады.

Бастапқыда орталық аптасына 3 рет сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін жұмыс істейтін болады (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма).

Соңғы жаңалықтар