Астанада үш балалы отбасы аязда далада қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үш балалы отбасы аязда далада қалды

Астанада үш балалы отбасы аязда далада қалды

Баспанасыз қалған отбасын көршісі уақытша үйіне кіргізді.

  • 26 Қаңтар 2018
  • 167
Фото - Caravan.kz

Астанаға қарасты Ильинка елді мекенінде үш балалы отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

25 қаңтарға қараған түні Меңке Ысқақованың жеке үйі түгі қалмай жанып кетті.

"Өрт пештен шықты. Үй ағаштан тұрғызылған, жалын тұтас үйге шарпыды. Салдарынан газ баллон жарылды. Үйде мен, күйеуім және үш балам болды. Балалардың үлкені 16, ортаншысы 12, кішісі 6 жаста. Пеш қатты тарс ете қалды, біз далаға жүгіріп шықтық", — деді Sputnik Қазақстанға Меңке Ысқақова.

Әйелдің айтуынша, өрт сөндірушілер 40 минуттан кейін келген. Өрттен құдай сақтап ешкім зардап шекпеген.


Қазіргі таңда Меңке Ысқақова үш баласымен бірге көршісінің үйінде тұрып жатыр. Отбасының достары көмек қаржы жинап жатқан көрінеді.

"Қайырымды жандар бізге қажетті заттарды, төсек-орынның тысын әкеліп жатыр. Әзірге жататын жеріміз жоқ, кереует керек", — деп толықтырды Ысқақова.

Астана әкімдігі үйді қайта салуға дайындалып жатқан отбасыға материалдық көмек көрсетуге уәде беріпті.

Соңғы жаңалықтар