Астанада жаңадан салынып жатқан элиталық баспана отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жаңадан салынып жатқан элиталық баспана отқа оранды

Астанада жаңадан салынып жатқан элиталық баспана отқа оранды

Астанада жаңадан салынып жатқан элиталық баспана түгі қалмай өртеніп кете жаздады! Тұрғынүй кешені жақында пайдалануға берілуі тиіс-тін. Таңға жақын тұтанған от cанаулы минуттың ішінде 16 қабатты үйді түгел шарпыды. Тіпті Елорда аспанын басқан қою қара түтін ондаған шақырымнан анық көрінді.

  • 15 Қазан 2013
  • 343
Фото - Caravan.kz


Шақырту түскен бойда алғашқы өрт сөндіру көлігі 3 минуттан соң жетті. Тұрғынүй кешеніндегі от әл бермегендіктен оқиға орнына тағы 50 өрт сөндіруші мен 16 техника тартылған. Осы аралықта тілсіз жау 400 шаршы метр аумақты күлге айналдырып үлгерген болатын. Жанған — ғимараттың сыртқы жабындысы. Болжам бойынша, дәнекерлеу жұмыстары кезінде ұшқын шашыраған. Салғырттықтың соңы мол шығынға батырып отыр. «101» қызметінің аяқ-асты ширақ қимылдауы бекер емес екен. Бірнеше ай бұрын осы тұрғынүй кешенінде өрт сөндірушілер тікұшаққа дейін пайдаланып ауқымды жаттығу өткізген-ді. Сол әзірлік әсер етсе керек, жалынды жарты сағатта ауыздықтады.