Астанада жаңбыр суын сору жұмыстары күшейтілген режімде жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жаңбыр суын сору жұмыстары күшейтілген режімде жүргізілуде

Астанада жаңбыр суын сору жұмыстары күшейтілген режімде жүргізілуде

Астана қаласында шамадан тыс жауған жауынның салдарын жою және бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр суын сору бойынша жұмыстар күшейтілген режімде жүргізіліп жатыр. 

  • 20 Мамыр 2015
  • 567
Фото - Caravan.kz

Төрт күннің ішінде (16-19 мамыр аралығында) 34 мың текше метрден астам жаңбыр суы сорылды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Елордада толассыз жаңбыр бірнеше күннен бері жауып жатыр. Жауын-шашынның айлық мөлшерден тыс жаууы салдарынан қаланың бірнеше ауданын су басты.

«Астана Тазалық» ЖШС хабарлауынша, 19 мамырда коммуналдық қызметтердің күшімен 10 мың мжаңбыр суы сорылды. Атап айтқанда, «Алматы» ауданында — 4813 м
3
, «Есіл» ауданында — 1816 м3 және «Сарыарқа» ауданында — 3207 мсу сорылды. Бүгін қала көшелерінде 100-ге жуық арнайы техника жұмыс істеуде.

Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр аптаның соңына дейін толастамайды.