Астанада жасөспірімді автобус қағып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жасөспірімді автобус қағып өлтірді

Астанада жасөспірімді автобус қағып өлтірді

Астанада автобус жүргізушісі Кенесары көшесінің бойында жасөспірімді қағып, мерт қылды.

  • 23 Қазан 2018
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлайды. 

Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі осы мәліметті растады. 

"23 қазанда шамамен 14:40-та № 40 бағытында жүретін автобус Кенесары көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жолдан өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2003 жылғы қыз оқиға орнында қайтыс болды", — деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сондай-ақ, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеу шаралары жүіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.  


 

Соңғы жаңалықтар