Астанада жастарға арналған БАҚ-тардың YI халықаралық фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жастарға арналған БАҚ-тардың YI халықаралық фестивалі өтеді

Астанада жастарға арналған БАҚ-тардың YI халықаралық фестивалі өтеді

9-10 маусымда Астанада жастарға арналған БАҚ-тардың YI халықаралық фестивалі өтеді. Биылғы фестиваль "Жас астана жастар көзімен" деген тақырыпқа арналады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне фестивальді ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

  • 19 Сәуiр 2004
  • 594
Фото - Caravan.kz

Фестивльді Қазақстан жастарының МедиаОдағы, Астана қалалық әкімшілігі, ҚР ақпарат министрлігі мен «Казахстанская правда» газеті ұйымдастырады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, фестивль аясында түрлі меншік үлгісіне негізделген кәсіби және әуесқой БАҚ-тарда жұмыс істейтін, түрлі тілде қалам тербейтін 14-28 жас аралығындағы журналистерге арналған байқау өткізіледі.
Байқау мақсаты — Еуразиялық БАҚ-тарда Астана қаласының қоғамдық-саяси және мәдени өмірі туралы ақпараттарды тарату, Еуразия аймағындағы ірі білім беруші және мәдени орталық болып табылатын Астананың мәдени және геосаяси маңызын дәріптеу, таңдаулы журналистердің өзара кәсіби және шығармашылық одақтарын құру, шығармашылық тәжірибе алмасу, журналистерді Астана және оның тұрғындары туралы ашық пікірталасқа жұмылдыру, журналистер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, жас журналистер тауқыметіне қоғам назарын аудару болмақ.
Шара барысында «Астана- Қазақстан Елордасы», «Астананың жас тұрғынының бейнесі», «Астана тарихы», «Астананың сәулет ескерткіштері» және «Астана айшықтары» тақырыптары бойынша пікір алмасылады.
Сондай-ақ, байқауға қатысушылар Қазақстан Елордасының тыныс-тіршілігіне қатысты өз тақырыптарын ұсына алады.
Шара аясында телевидение, радио, басылым, жарнама, PR, кескіндемелік дизайн, шаралар, фото, фоторепортаждар, жанрлық туындылар, коллаж, WEB-сайттар, дизайн және басқа да номинациялар бойынша байқаулар өткізіледі.
Сондай-ақ, фестиваль бағдарламасына сәйкес танымал журналистермен кездесулер, байқауға жолданған таңдаулы туындылардың көрмесі, мастер-кластар, Астана қаласын аралау, Қала күнін атап өту шарасына қатысу көзделген.

Соңғы жаңалықтар