Астанада жедел жәрдем көлігін жөндеуге бөлінген миллиондар ұрланған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жедел жәрдем көлігін жөндеуге бөлінген миллиондар ұрланған

Астанада жедел жәрдем көлігін жөндеуге бөлінген миллиондар ұрланған

Астананың медицинасында кезекті жемқорлық дауы! Мұнда жедел жәрдемге бөлінген бюджет қаржысы жоғалған. Қызметтік көліктерді жөндеу арналған 8 миллион теңгені бас дәрігер сыбайласымен бірге қалтасына басты деп айыпталуда.

  • 23 Мамыр 2015
  • 425
Фото - Caravan.kz

Елордадағы медициналық көмек станциясының бұрынғы басшысының бұл былығын прокурорлар тексеру кезінде анықтапты. Бас дәрігер мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысымен бірлесіп, тозығы жеткен жедел жәрдем көліктерін жаңартуға бөлінген 8 миллион теңгені қалталарына басты деген күдікке ілінді.  Осы кезде науқастар ескі көліктерді сағаттап күтіп, көмекке зәру болып отыр. Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жіберілген.