Астанада жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге  айыппұл салынды

Астанада жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге айыппұл салынды

Астанада жолдың қақ ортасында  жаппай төбелескен жүргізушілерге айыппұл салынды. Әрқайсысы бұзақылығы үшін 15 мың теңге төлейтін болды.  Қызуқанды жігіттердің бірі Алматы облысының, ал екіншісі Оңтүстік Қазақстанның тумасы екен. Елордалық сақшылар оларды бір тәулік бойы іздеп, ақыры бүгін сотқа алып келді.

  • 30 Тамыз 2014
  • 447
Фото - Caravan.kz


Елорданың қақ ортасындағы көшелердің бірінде екі көліктің жүргізушісі  жолға таласып, бірін-бірі жұдырықтай жөнелген еді. Оларға  көліктеріндегі жолаушылар  да қосылған. Көлік қозғалысы тоқтап қалғандықтан оларды айыруға басқа жүргізушілер жүгірді.  Бірақ біраз  тартыстан соң екі жігіт полицияны шақырмай, жан-жаққа кетіп қалды. Сөйтсе жолды бөлісе алмай  жаға жыртысып жүргендер Астанаға уақытша жұмыс істеуге келгендер екен.