Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігінің онкүндігі өткізіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігінің онкүндігі өткізіліп жатыр

Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігінің онкүндігі өткізіліп жатыр

Астанада балалар жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің бастамасымен 2017 жылдың 15-25 маусым аралығында «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің онкүндігі» атты кең ауқымды науқан өткізілуде.  

  • 20 Маусым 2017
  • 309
Фото - Caravan.kz

Онкүндік аясында орталық қала көшелерінде байкер клубтарының, таксистер, ІІД мамандандырылған батальон взводының эскорт мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен автожарыс өтті. Сондай-ақ, шараға № 35, 32, 3, 64 мектептерінің оқушылары да атсалысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.  

2017 жылдың 5 айында кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен 35 ЖКО тіркеліп, 1 оқиға қазалы жағдаймен аяқталды. Салыстырмалы түрде алсақ, 2016 жылдың осы аралығында балалардың қатысуымен 39 ЖКО тіркелді: қайтыс болғандар – 0, зардап шеккендер саны – 39.  

Шараның негізгі мақсаты – балалар арасында жол-көлік жарақаттарының мәселесіне халықтың назарын аудару, көлікті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелірінің сақталуын насихаттау.  

Көліктер легі қаланың негізгі қайнаған көшелерімен жүріп өтті. Автожарыс «Бәйтерек» монументінің маңынан басталып, Сарыарқа даңғылы бойында мәреге жетті. Көліктер легінің қозғалысы кезінде Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметкерлері дауыс ұлғайтқыш құралдарының көмегімен жолдағы негізгі қағидаларды еске салды.  

Мәреге жеткен көліктер легін қолдарында «Максималды жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін шектеу» деген жол белгілері бар жол қозғалыстарының жас инспекторлары қарсы алды. Балалар кезекті рет үлкендерге жаяу жүргіншілер өтетін жерлерге келгенде аса абай болу қажеттігін ескертті.


– Біздің негізгі міндетіміз жол-көлік жарақаттары мәселелеріне басқа балалардың назарын аударту. Балалар белгіленген жерлер бойынша жолдан өтетіндеріне қарамастан, жүргізушілнр ЖКЕ бұзатын жағдайлар да кездеседі. Сондай-ақ, олар жүргізушілерді ережелерді ұстанып, балалар өмірін сақтауға шақырды. Олардың бүгінгі ұрандары да осы тақырыпқа негізделген: «Жүргізуші, менің өмірімді сақта» деген, — деді Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция майоры Айымгүл  Валеева.

Онкүндік аясында: перзентханаларда болашақ аналар арасында лекция өткізу, автоорындықтарды пайдалану ережелерін түсіндіру, автобустар мен таксилерде рейдтер ұйымдастыру сынды бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар