Жарияланды: 330

Астанада жолақы қымбаттамайды

Астанада шілде айынан бастап қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттамайды, деп хабарлады өз блогында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Әкімнің веб-блогына 1 шілдеден бастап қалада автобус билеті қымбаттайтындығы туралы бірнеше сауал келіп түскен болатын. Сауал қоюшылардың айтуынша, мұндай әңгімені олар қоғамдық көлік кондукторларының өз ауыздарынан естіген. «1 шілдеден бастап қоғамдық көліктердің жолақысы көтеріледі деген әңгімеге қатысты түсіндірме алғым келеді. Бұл әңгімені кондукторлардың өзінен естідік. Олардың айтуынша, жолақы 85 пен 100 теңгені шамалап қалады. Бұл мәселе бізді қатты толғандырып отыр, себебі Астанада жолақы онсыз да арзан емес», - деп жазады блог оқырманы. Әкім өз жауабында бұл әңгімені теріске шығарды. «Астанада қоғамдық көліктерде тарифтердің көтерілетіні туралы ақпарат шындыққа сай емес. Тарифті арзандату туралы да сөз болған емес», - деді әкім өз жауабында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін