Астанада жүргізуші-қызға шабуыл жасап, көлігін айдап әкеткен жігіт ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жүргізуші-қызға шабуыл жасап, көлігін айдап әкеткен жігіт ұсталды

Астанада жүргізуші-қызға шабуыл жасап, көлігін айдап әкеткен жігіт ұсталды

Елордалық полицейлер жүргізуші-қызға шабуыл жасаған тонаушыны қолға түсірді.

  • 24 Қараша 2015
  • 366
Фото - Caravan.kz

Астана қ. ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде 24 жастағы елорда тұрғынын анықтап, ұстады.  

19 қарашада шамамен сағат 18.00-де күдікті «Алаш» тас жолында «Лада Гранта» маркілі көлікті тоқтатады. Оны 25 жастағы қыз басқарып келе жатқан. Оның қасында құрбысы отырған.  Ер адам қыздардан Қоянды кентіне дейін жеткізіп салуды сұраған. Жолда қысқа жолды білемін деп қыздарды алдап, жер жолға түсірген. Кейін ер адам жүргізуші қыз бен оның құрбысынан ұялы телефондары мен зергерлік бұйымдарын тартып алып, көлікке отырып, қалаға қарай тартып отырған.

Аталған факт сот алдындағы тергеудің бірыңғай реестріне  ҚР ҚК 191 және  200-баптары бойынша тіркелді. Ұсталған осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасағаны белгілі болды.