Астанада жыл басынан бері109 қызметіне 400 мыңға жуық тұрғын жүгінген - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  жыл басынан бері109 қызметіне 400 мыңға жуық тұрғын жүгінген

Астанада жыл басынан бері109 қызметіне 400 мыңға жуық тұрғын жүгінген

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында 109 қызметіне  394 183 өтінім тіркелді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

  • 3 Қараша 2017
  • 153
Фото - Caravan.kz


Кезекші бөлімшеге түскен қоғыраулардың 350 мыңнан астамы ақпараттық-анықтамалық сипатта, ал 40 мыңы коммуналдық-тұрмыстық мәселелерге қатысты.

Тұрғындар тарапынан түскен шағымдардың басым бөлігі, нақты алғанда 3425-і ПИК тарапынан ауыз судың болмауымен  байланысты.  Одан соң көшелер мен аулаларды су басу, электр энергиясының болмауы, кәріздік құдықтар мен жеделсаты жұмысының тоқтауына қатысты.

Айта кетейік, елордалық «109 кезекші қызметі» 2001 жылы құрылып, тәулік бойы жұмыс істейді. Онда қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың жоспарлы-апаттық жұмыстарына мониторинг жүргізіліп, елорда тұрғындарына жедел әрі нақты ақпарат беріледі. Сонымен бірге  аталған қызмет қала басшылығы төтенше оқиғаларға қатысты ақпараттандырып, тұрғындардан коммуналдық-тұрмыстық мәселелерді шешуге тапсырыс қабылдап, оларда шешуде қалалық құрылымдардың жұмысы үйлестіріледі.

Соңғы жаңалықтар