Астанада жылу беру маусымы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жылу беру маусымы басталды

Астанада жылу беру маусымы басталды

Сейсенбі күні Астана әкімі Әсет Исекешев елордада 2017/18 ж. жылу беру маусымын бастау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің медиаорталығына сілтеме жасап.

  • 27 Қыркүйек 2017
  • 168
Фото - Caravan.kz

«2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңына, 2014 жылғы 27 маусымда Астана мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласында жылу беру маусымына дайындық пен оны өткізу ережелеріне сәйкес, Астана әкімдігі 2017/18 ж. жылу беру маусымын 2017 жылдың 27 қыркүйегінде бастауды қаулы етеді», — делінген қаулы мәтінінде.

Осыған байланысты «Астана қаласы энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қажетті шараларды қолға алу тапсырылған.


Қаулының орындалуын бақылау міндеті қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовке жүктелді.

Естеріңізге салып өтсек, жақында мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерге, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарына жылу беріле бастаған еді.

Соңғы жаңалықтар