Астанада жылу тапшылығы бар - Болат Ақшолақов - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жылу тапшылығы бар - Болат Ақшолақов

Астанада жылу тапшылығы бар - Болат Ақшолақов

Энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте елордада жылу тапшылығы барын айтты.

  • 30 Желтоқсан 2022
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Брифинг барысында министрден елдегі жылу электр стансаларының проблемасы қалай шешілетіні сұралды.  

«Өкінішке қарай, қазіргі уақытта Астанада жылу тапшылығы бар. 362 Гкал (гигакалория) шамасында тапшылық сезіледі. Бірақ бұл проблеманы шешу үшін Астана қаласының әкімдігі мен Үкіметпен бірлесіп қосымша үш қазандықты қондыруды жоспарлап отырмыз. Оған Үкіметтен қосымша ақша бөлінген. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі бұл тапшылықты келесі жылыту маусымына дейін шешу үшін әзір болуы керек», — деді министр.

Ол атағандай, үш қазандық қосымша 1 500 гигакалория жылу беруге мүмкіндігі бар. Яғни, артық қуат бере алады.

«Жаңа нысандардың құрылысын, мысалы, жылу орталықтарының құрылысын аяқтағанда  қалалық архитектурамен не болмаса  әр облыстың архитектурасымен келісіп, электр, жылу және сумен жабдықтау желілерін алдын ала тексеру керек. Қалай болса да, сала салып, кейін тарту деген дұрыс емес. Ең басты мәселе – бұл инфрақұрылым. Электр қуаты жеткілікті болуы, сумен қамтамасыз етілуі маңызды. Сумен жабдықтау, оның жүйелерін тарту қажет. Мысалы, біреу (құрылыс компаниялары – авт.) үйді іске қосса, кейін құбырдың қуаттылығы я болмаса ЖЭС-тің қуаты жетпейтін болса, онда, әрине, тапшылық болады», — деп түсіндірді Ақшолақов.

Оның айтуынша, министрлік әкімдіктермен сөйлесіп алдын ала мониторинг жүргізуге ұсыныс берген.


«Қазір алдымен аудит жұмыстары аяқталады. Кейін оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.  Осылайша, жаңа айтылғандай тапшылық болмас үшін бәрін бір жүйеге келтіреміз. Алдын ала инфрақұрылымды тексеру жұмыстарымен қазір айналысып жатырмыз», — деді Энергетика министрі.

Соңғы жаңалықтар