Қ. Келімбетовтың айтуынша, 52 құрылыс нысанына екінші деңгейдегі банктер қаржылық қолдау көрсеткен. Бүгінгі таңда банктер 29 жылжымайтын мүлік нысанын қаржыландыра бастады. Жақын арада 23 нысанды қаржыландыру көзделіп отыр.
Депозит сомасы бөлінген нысандар құрылысының кестесі мониторинг пен қадағалау үшін Астана әкімдігіне жіберілді.
Қазіргі уақытта Астанада құрылысы үлескерлердің қаржыларын тарту арқылы жүргізіліп жатқан қалған 60 нысанға қаржыландыру және қолдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Елордада құрылысына үлескерлердің қаржысы тартылған жалпы саны 200 нысан бар», — деп хабарлады Астана әкімі Асқар Мамин. Оның айтуынша, салынып жатқан 81 нысан дайындығының жоғары болуы себепті қаржыландыруға жатпайды.
Асқар Мамин әкімшілік өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе отырып ипотекалық несиелеудің қол жетімді бағдарламасын жүзеге асырудың түрлі жолдарын талқылап жатқандығын атап көрсетті. Сондай-ақ, оның айтуынша, құрылысты аяқтау үшін қосымша инвестиция тарту шаралары қолданылып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті