Астанадағы "Байқоңыр" тұрғынүй кешенінен тағы бір бойжеткен секіріп қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы "Байқоңыр" тұрғынүй кешенінен тағы бір бойжеткен секіріп қайтыс болды

Астанадағы "Байқоңыр" тұрғынүй кешенінен тағы бір бойжеткен секіріп қайтыс болды

Астанадағы Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғынүй кешенінің 21-қабатынан 20 жастағы бойжеткен қыз құлап қайтыс болды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

  • 4 Мамыр 2017
  • 323
Фото - Caravan.kz

"Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы тұрғынүйдің ауласында бойжеткен қыздың мәйіті жатқандығы туралы ақпара полицияға 3 мамыр күні кешкі сағат 19:30-да келіп түсті. Қайтыс болған қыздың кім екені анықталды, ол 1997 жылы туған. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өзін өзі өлтіруге жеткізу) іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", — дейді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Белгілі болғандай, бойжеткен қыз 21 қабаттың балконынан құлап кеткен. Оның суицид жасаған-жасамағаны анықталып жатыр.


Еске салайық, "Байқоңыр" деп аталатын осынау тұрғынүй кешенінің 22-қабатынан былтыр жазда да 19 жастағы қыз секіріп қайтыс болған еді. Оның алдында тұрғынүй ғимараты өртенген болатын.

Соңғы жаңалықтар