Астанадағы ДИЭФ-ті іскер әйелдер мен жас көшбасшылары ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ДИЭФ-ті іскер әйелдер мен жас көшбасшылары ашады

Астанадағы ДИЭФ-ті іскер әйелдер мен жас көшбасшылары ашады

Астанада сейсенбі күні Дүниежүзілік ислам экономикалық форум (ДЭИФ) өз жұмысын бастайды.

  • 7 Маусым 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Бағдарламаға сай, форумның бірінші күні іскер әйелдер мен ДИЭФ-нің жас көшбасшыларының бірлескен форумы ашады. Оны ҚР премьер министрі Кәрім Мәсімов пен ДИЭФ қорының төрағасы Тун Муса Хитама ашады», — деп агенттікке индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен (ИЖТМ) хабарлады.

Форум жұмысына іскер және сарапшылар қауымдастығының белді өкілдерімен қатар Азия, Африка және Еуропаның бірқатар белді көшбасшылары қатысады.

«Олардың арасында Джибути президенті Исмаил Омар Гелле, Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак пен Тәжікстан премьер-министрі Акил Акилов, Ирак вице-премьері Руза Нури Шауиса мен Қырғызстан вице-премьері Омурбек Бабанов, Ислам даму банкінің президенті Ахмед Мухаммед Али, Ливанның экс-премьері Фуад Синиора, Пәкістанның әкс-премьері Шаукат Азиз, Малайзияның экс-премьері Абдулла Ахмад Бадави, Нидерландыдан Вим Кок, сондай-ақ Индонезияның вице-президенті мен Сауд Аравиясы мен Иорданияның қаржы министрлері, БАӘ экономика, Түркменстан мен Әзербайжанның экономика министрлері бар», — деп ҚР СІМ-нен хабарлады.

Сәрсенбі күні, 8-ші маусымда, форумның ресми ашылу рәсімі өтеді. Мемлекет және үкімет басшылары сөз сөйлейді деп күтілуде. «ДИЭФ фокусындағы мемлекеттер» атты негізгі форум сәрсенбі күні 13:30 сағатта өз жұмысын бастайды. Оның аясында «Кәсіпкерлік — даму құралы: табысқа жетудің жол картасы» және «Дамушы елдердегі исламдық банкинг және қаржы: мүмкіндіктерді пайдалану, қатерлерге қарсы тұру» атты 2 жалпы отырыс өтеді. Осы күні ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ДИЭФ-ға қатысушылар құрметіне гала-қабылдау өтпекші.

Бейсенбі күні, 9-шы маусымда, тақырыптық парралель сессиялар, сондай-ақ Қазақстанда исламдық банкингті дамыту мен инновациялық көшбасшылыққа арналған екі жалпы отырыс өтеді.

Соңғы жаңалықтар