Астанадағы ЭКСПО кезінде кəдесыйлар 300 млн теңгеге сатылған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ЭКСПО кезінде кəдесыйлар 300 млн теңгеге сатылған

Астанадағы ЭКСПО кезінде кəдесыйлар 300 млн теңгеге сатылған

Көрмені өткізу кезеңінде кәдесый өнімдерін өткізу бойынша 630 аса сауда нүктелері жұмыс істеді, деп Астана Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Рыскүл Қауғабаева Астана әкімдігі медиа-орталығының тілшісіне айтып берді. 

  • 21 Қыркүйек 2017
  • 165
Фото - Caravan.kz

Көрме дүкендерінің сұрыпталымында 250 өнім атауы ұсынылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Осы жазда аталмыш сауда нүктелерінде 300 млн сомаға 175 мыңнан артық лицензияланған өнім бірліктері өткізілді.

Рыскүл Қауғабаеваның айтуынша, елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ең танымал теріден, саздан, күмістен, киізден жасалған және көркемөнер туындылары кәдесый  өнімдері болды.

Астанада сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеу үшін елордалық Арбат, «Бәйтерек» монументінің жанында «Қолөнершілер қаласы», Нұр Жол гүлзарында кәдесый дүкеншіктері ашылды.


Соңғы жаңалықтар