"Қазақстандағы Германияның дипломатиялық өкілдігі визаларды тек Шенген елдерінің қолданыстағы визалық кодекс нормалары негізінде ашады", — деп атап көрсетілген сейсенбі күні таратылған елшілік хабарламасында.
"Қырым түбегіне бұған дейін болған сапарлар Германияның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігінде виза ашу үшін өтініш беру процедураларына ешқандай ықпал ете алмайды", — деп атап көрсетілген ақпаратта.
Бұған дейін Қазақстандағы Украина елшілігі өз сайтында мәлімдеме жариялаған еді. Онда «Ресей Федерациясының Қырым автономиялық республикасы аумағын уақытша басып алуы жағдайында Украина елшілігі биылғы курорттық кезеңде Қырымға баруды тоқтата тұруды ұсынады» делінген.
«Қырым автономиялық республикасы аумағына Ресей Федерациясы жағынан келсеңіз сіз бірнеше жылдар бойы Украинаға кіре алмайтын боласыз , сондай-ақ Шенген аймағына,АҚШ-қа,Ұлыбританияға виза алуыңыз қиындай түседі» делінген мәлімдемеде.
Украина елшілігі бұл ұсыныстардың өз күшінде екендігін және батыс елдерімен келісілгенін мәлімдеп отыр.