Астанадағы халықаралық әуежай құрылысын жаңалау жұмыстары 2004-жылдың желтоқсан айында аяқталады - ҚР көлік және коммуникация министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы халықаралық әуежай құрылысын жаңалау жұмыстары  2004-жылдың желтоқсан айында аяқталады - ҚР көлік және коммуникация министрлігі

Астанадағы халықаралық әуежай құрылысын жаңалау жұмыстары 2004-жылдың желтоқсан айында аяқталады - ҚР көлік және коммуникация министрлігі

"Астанадағы халықаралық әуежай құрылысын жаңалауға бағытталған барлық құрылыс және монтаждау жұмыстары 2004-жылдың желтоқсан айына дейін , межеленген мерзімінен бұрын аяқталады". Бұл туралы ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Нұрлан Нигматуллин бүгін, 8-қыркүйекте Астанада хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 515
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл жоба халықаралық қаржылық ұйымдардың несиесін тарту арқылы қаржыландыру көзделген, басымдық берілген инвестициялық бағдарламалар санатында. Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Жапония банкі жобаның кредиторы ролін атқарады. Оған көлемі 22,122 млрд. йенаны құрайтын жапондық несие тартылмақшы. ҚР үкіметінің шешіміне сәйкес, жобаның атқарушысы ретінде «Астана халықаралық әуежайы» ЖАҚ, ал бақылаушы агенттік ретінде ҚР көлік және коммуникация министрлігі бекітілген. Сондай-ақ, несиелік қаржының 20 процентін ЖАҚ-на қарыз түрінде, ал 80 процентін қайтарымсыз көмек түрінде беру келісілген.

Жаңалау жобасында тек жаңа жолаушы және жүк тасымалы терминалын салу ғана емес, сондай-ақ, әуежайдың ескірген инфрақұрылымын жаңалауға бағытталған кешенді шаралар қарастырылған. Әсіресе жүк тасымалы саласына баса назар аударылмақ. Н.Нигматулиннің айтуынша, бұл мақсатта арнаулы жүк терминалы мен жүк перроны салынып жатыр. Сондай-ақ, әуежай жұмысының күретамыр нысандары болып табылатын бірқатар обьектілер салу, атап айтсақ, әуе қозғалысы басқармасының жаңа ғимаратын, жанар-жағармай қоймасы мен зертханасын, бу қазандығын, апаттық-құтқарушы топ пен аэродромдық- техникалық қызмет ғимаратын, насос станциясын салу межеленген. Сонымен бірге, қар күрейтін арнаулы техника, өрт сөндіру жабдықтары, жанар-жағармайға арналған жабдықтар, видео көмегімен бақылау жүйесі аспаптары, қазіргі заманғы рентген аппаратурасы, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге арналған автоматтандырылған технологиялық желі жабдықтарын сатып алу жоспарланған. Вице-министрдің айтуынша, халықаралық әуежайдың барлық нысандары ИКАО стандартына сәйкес сертификатталады.

Соңғы жаңалықтар