Астанадағы көшелердің бірдей атаулары қашан өзгереді? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы көшелердің бірдей атаулары қашан өзгереді?

Астанадағы көшелердің бірдей атаулары қашан өзгереді?

№60 мектепте өткен тұрғындармен кездесу барысында Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек қаланың атауы бірдей көшелер мәселесі туралы айтты.

  • 1 Ақпан 2018
  • 303
Фото - Caravan.kz

Тұрғындардың бірі аудан әкіміне 187-көше атауын өзгерту туралы өтінішін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ElordaInfo сайтына сілтеме жасап.

«Біздің көше әлі күнге дейін 187-көше деп аталады. Сарыарқа даңғылынан бастап, Күмісбеков көшесіне дейінгі аумақты Жангелдин көшесі деп атауға болатын шығар. Қонақтар, такси жүргізушілері, пошта қызметкерлері болсын 187-көшені жиі Сейфуллин көшесінің бас жағынан іздейді», — деді ол.

Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек өз кезегінде, расымен де, Астана қаласында атауы бірдей көшелердің көп екенін айтып өтті. Заң бойынша рұқсат берілген жағдайда, көшелердің атауын өзгерту мәселесіне атсалысуға дайын екенін жеткізді.

«Қазақстанда көшелерге қайта атау беру туралы мораторий енгізілген. Сондықтан шатастырмау үшін Астана көшелерінің атаулары мен қоса әріптік белгілер берілген. Егер көше атауының алдынан С белгісін байқасаңыз – ол Сарырқа ауданын, А –Алматы, Е – Есіл ауданын білдіреді. Өкінішке орай, бізде бір атаумен кездесетін көшелер көп. Лесозавод аймағында орналасқан Шевченко көшесі, ауданымыздың жоғарғы бөлігінде де дәл осылай аталатынын білесіздер. Мұның бәрін біз анықтадық. Заңнама бойынша бізге рұқсат берсе, атауларын қайтадан өзгертеміз», — деді Арман Тұрлыбек.


 

Соңғы жаңалықтар