Астанадағы медуниверситеттің деканы да жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы медуниверситеттің деканы да жұмыстан қуылды

Астанадағы медуниверситеттің деканы да жұмыстан қуылды

"Астана медициналық университеті" АҚ ректоры Мәжит Шайдаров қолдан жасалған IELTS сертификаттарына қатысты тағы бір мәлімдеме жасады. Кеше осы даудан кейін ЖОО-дан 117 магистрант пен докторанттың шығарылғаны айтылған болатын.

  • 26 Сәуiр 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz

"Құжаттарды қабылдағандар туралы айтар болсам. ЖОО-дан кейінгі білім беру факультетінің деканымен келісімшартты сол күні-ақ үздік. Ал, деканның орынбасары мен бас маман өз еріктерімен жұмыстан шығып кетті", — деді Шайдаров.

Оның айтуынша, оқудан шығып қалған студенттер қайта құжат тапсырып, оқуларын ақылы негізде жалғастыра алады екен. Ал, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Айгүл Қаптағаева болса аталған жайт тек университеттің емес, бүкіл медицина саласына кір келтірді дегенді айтып отыр.

"2017 жылдың тамызы мен қыркүйеугінде тексеру болды. Аталған деректер белгілі бола салысымен біз мемлекеттік тапсырыспен айналысатын ведомстволық бағынышты ұйымға ескерттік. Барлық сертификаттар тексерілді. Қолдан жасалған сертификаттар тек аталған университетте ғана анықталды. Біз Білім және ғылым министрлігіне аталған құжаттардың түпнұсқа екенін анықтайтын бірнеше рәсім енгізуді ұсындық", — дейді Айгүл Қаптағаева.


Соңғы жаңалықтар