Астанадағы Оқушылар сарайында Президент шыршасы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы Оқушылар сарайында Президент шыршасы өтті

Астанадағы Оқушылар сарайында Президент шыршасы өтті

Мерекелік шараға мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, жетім және дарынды, көп балалы отбасында тәрбиленіп жатқан 200 бала қатысты.

  • 26 Желтоқсан 2016
  • 613
Фото - Caravan.kz

Балғындарға елбасы бейнеқұттықтау жолдап, ізгі тілегін арнады. Сахнада ән шырқалып, сан алуан билер биледі. Қарша қыз бен Аяз ата, ертегі кейіпкерлері көңілді кештің көрігін қыздыра түсті. 4Д форматында шоу қойылым көрсетіліп, балдырғандарға тәтті сыйлықтар үлестірілді. «Expo жаңа жылдық алауы» атты игі шараға қала әкімі Әсет Исекешев те қатысты.

— Мен бірінші рет келіп тұрмын. Маған елбасының шыршасы қатты ұнады. Өйткені өте көңілді болды. Мен болашақта дәрігер хирург болуды армандаймын. Сол арқылы мен бүкіл халықтың денсаулығын сақтап қалғым келеді, дейді 7 сынып оқушысы Балғынбек Бекболат.


Соңғы жаңалықтар