Астанадағы перзентхананың дәрігерлері Израильге оқуға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы перзентхананың дәрігерлері Израильге оқуға барады

Астанадағы перзентхананың дәрігерлері Израильге оқуға барады

Бүгін Астанада ана мен балаға қызмет көрсетуді тұрақтандыру мәселесі бойынша брифинг өтті.

  • 7 Қараша 2018
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиында Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова, Ана мен бала денсаулығы бөлімінің басшысы Сәуле Мұқышева, елорданың штаттан тыс бас акушер-гинекологы Иван Коркан мен № 3 перинаталды орталықтың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина спикер ретінде қатысып сөз сөйледі.

Кездесу барысында Әлия Рүстемова Астана перинаталды орталығы мен Израилдік дәрігерлер арасындағы әріптестіктің кеңейтіліп жатқаны туралы хабарлады.

«Біздің акушер-гинекологтарымызды, анестезиолог-реаниматологтарымызды оқыту үшін Израильден мамандар келді. 18 қарашада акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтардың тобы Израильге оқуға барып келеді. Ол үшін жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлінеді. Бұл – босандыру қызметі мамандарын ғана оқытуға арналған қаражат», — деп атап өтті Ә. Рүстемова.

Шетелдік мамандар осы жылдың шілде айында Астанада босандыру қызметінің медициналық персоналына шеберлік сабағын өткізу үшін шақырылған болатын. Бұдан кейін екі жақ оқыту семинарлары мен консультативті-диагностикалық жәрдем шараларын өткізу саласында өзара ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартқа қол қойды.


 

Соңғы жаңалықтар