Астанадағы сауда үйлерінің бірінде лифт ер азаматты мыжып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы сауда үйлерінің бірінде лифт ер азаматты мыжып қалды

Астанадағы сауда үйлерінің бірінде лифт ер азаматты мыжып қалды

Астанадағы "Гарант Auto City" сауда орталығындағы лифт ер азаматты мыжып қалды. Алған ауыр дене жарақаттары салдарынан ол қайтыс болған. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова мәлімдеді.

  • 6 Сәуiр 2017
  • 321
Фото - Caravan.kz

Кейінірек анықталғандай, 1979 жылы туған ер азамат сол сауда орталығында сантехник болып жұмыс істеген екен.

"Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзу) іс қозғалды. Сотқа ейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қайтыс болған ер азамат Бөгенбай көшесінің бойында орналасқан Гарант Auto City сауда орталығында сантехник болып жұмыс істеген", — деді Астана қалалық ІІД-нің ресми өкілі.

Марқұм оқиға болған сәтте жан тапсырған. Қайғылы жайттың мән-жайын қазір полицейлер анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар